«Резерв» РМК Рәміздер күнін мерекелеу құрметіне іс-шара өткізді

 

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Рәміздер күнін мерекелеу құрметіне және патриотизм мен ұлт бірлігін бейнелейтін Отанымыздың туына құрмет ретінде «Резерв» РМК ұжымы қолына ту ұстап, Қазақстанның әнұранын орындап, елге деген мақтанышын білдіріп, Тәуелсіздік пен патриотизмнің нышандарына құрмет білдірді.

 

«Резерв» РМК