«Резерв» РМК ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясына қатысты

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай «Резерв» РМК ұжымы «30 игі іс» республикалық акциясына қатысып, қоғамға пайда әкелетін қайырымдылық шараларын жүзеге асырды.

Акция аясында «Целина» филиалының қызметкерлері қан тапсыру акциясын ұйымдастырып, донор болу арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Қостанай қаласындағы РОО «Детская инклюзивная академия» қоғамдық бірлестігінің филиалына қолдау көрсетілді. Балаларға арналған шығармашылық сабақтарға қажетті құралдар – бояулар, альбомдар, қылқаламдар, фломастерлер және басқа да жабдықтар табысталды.

Бұдан бөлек, «TAIMAS center» балаларды сауықтыру орталығына көмек көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы мен оңалтуына жағдай жасауға үлес қосылды.